Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қандай?
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 686 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 851 теңге, базалық зейнетақы – 37 835 теңге.
1 мамырдағы жағдай бойынша елімізде 2 миллион 297 мың зейнеткер тұрады.
«Жыл басынан бері 1 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді, оның 337,4 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 761,5 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыны төлеуге бағытталды», — деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалады.
Бұған дейін БЖЗҚ қазақстандықтардың есепшотына қызмет көрсеткені үшін комиссияны қысқартатыны белгілі болған.