Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар арта бастады
Atr.kz/4 қараша, 2020 жыл. Өткен тәулікте коронавирустың салдарынан 6 адам қайтыс болды.
Коронавирустың салдарынан 6 адам қайтыс болды (2 қарашада 4 адам көз жұмған). Ал КВИ белгілері бар өкпе қабынуынан бір адам қайтыс болды.
Жалпы, пандемия басталғалы бері коронавирус инфекциясы салдарынан 1 867, ал коронавирус белгілері бар пневмониядан 405 адам қайтыс болды.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 4 981 адам ем-дом алып жатыр, оның ішінде 340-ы — бала. Ауруханаларда 2 510, амбулаториялық деңгейде 2 471 науқас ем алуда.
148 адамның жағдайы ауыр, 18-інің денсаулығының жағдайы өте ауыр деп бағаланады, 20-ы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Қазақстанда өткен тәулікте 432 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы — 31
Алматы қаласы — 23
Шымкент қаласы — 1
Ақмола облысы — 28
Ақтөбе облысы — 5
Алматы облысы — 13
Атырау облысы — 9
Шығыс Қазақстан облысы — 197
Жамбыл облысы — 4
Батыс Қазақстан облысы — 14
Қарағанды облысы — 16
Қостанай облысы — 17
Павлодар облысы — 41
Солтүстік Қазақстан облысы — 33