Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда 5%-дық “Супер ипотека” іске қосылды

ЦентрКредит банкі мен BI Group компаниясы бірлесіп, қазақстандықтарға арналған жаңа «Супер ипотека» бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама арқылы Алматы, Астана, Атырау және Шымкент қалаларындағы 55-тен астам тұрғын үй кешенінде тиімді шарттармен пәтер сатып алу мүмкіндігі пайда болды.

Tengelife ақпараттық ресурсының хабарлауынша, бағдарлама шарттары бойынша, ипотекалық мөлшерлеме жылына 5%-дан басталады, ал сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 5,1%-дан аспайды. Ипотека 15 жылға дейінгі мерзімге рәсімделеді.

Сондай-ақ бастапқы жарна мөлшері қарыз алушының табысты растау тәсіліне байланысты: ресми табысы расталған жағдайда бастапқы жарна – 20%, ал жанама растау кезінде 30%-ды құрайды.

Бағдарламаға қатысу үшін bi.group сайты арқылы өтінім қалдыруға болады.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Сурет: bi.group/ru

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button