Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстан Үкіметі жұмыссыз жастарды қолдайтын қаулы қабылдады

Қазақстан Үкіметі кәсіптік білімі жоқ және жұмыссыз жастарды қолдайтын қаулы қабылдады, деп хабарлайды Arbat.media үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмысқа орналастыру бойынша белсенді көмек көрсетіліп, өзге де қолдау шаралары қолға алынады.

Құжат «білімі жоқ және жұмыссыз» жастармен (NEET санаты) нақты жұмыс жүргізетін бірқатар орталық мемлекеттік органның құзыретін айқындайды. Осылайша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне уақытша жұмыссыз қалған жастардың жұмысқа орналасуына көмектесу, сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау жүктелді, – делінген хабарламада.

Бүгінде республикада NEET санатындағы жастардың үлесі – 6,3%. Бұл – Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Италия және басқа да елдердегі жағдаймен салыстырғанда төмен көрсеткіш.

Сонымен қатар, Қаулыда жастармен жұмыс істейтін мамандардың біліктілік сипаттамасын, жастар еңбек жасақтарын құру ережелерін және жастарды дамыту индексін енгізу қағидаларын бекітуге мүмкіндіктер жасалған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button