
Жаңалықтар
Қазақстан Қытайға 1,5 мың киікті сыйға бермек
Қазақстан Қытайға 1,5 мың ақбөкен береді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, — деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылғы 17 маусымда таратылған Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хабарламасында:
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елдегі популяциясын қалпына келтіру үшін Қытайдың батыс бөлігіне қоныстандыру үшін Қытай үкіметіне 1,5 мың киік беру туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Өз кезегінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа қабылданған шешім үшін алғысын білдірді, өйткені Қытай ақбөкен популяциясын қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
Сурет: gov.kz