Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстан қоржынында – сегізінші алтын медаль!

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қазақстандық каратэші 75 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Хасан Масарвехпен алтын жүлдені сарапқа салды. Нұрқанат қарсыласын 8:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді салды. Н.Әжіқанов бұған дейін үш қарсыласын жолдан тайдырған еді. 

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button