Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Қазақстан Президентіне жаңа өкілеттіктер беріледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентіне жаңа өкілеттіктер беретін заңға қол қойды.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Бұған дейін Сенат заң жобасының мақсаты әкімшілік-аумақтық құрылым саласындағы заңнаманы жетілдіру екенін хабарлаған болатын.

Заң жобасы бойынша:

— қаладағы аудандарды елді мекендердің құрамдас бөліктеріне жатқызу;

— халық саны 400 мыңнан аса адам болған кезде облыстық маңызы бар қалада, республикалық маңызы бар қалада, астанада аудан құру;

— аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемшарттарын нақтылау;

— Президентке Үкіметтің ұсынуы бойынша жергілікті өкілдің және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру жөнінде шешім қабылдау жөнінде өкілеттік беру;

— Үкіметке республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендерге қайта құру туралы ұсыныс енгізу жөнінде жаңа құзырет беру ұсынылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button