
ЖаңалықтарЭкономика
Қазақстан Президенті «Теңізшевройл» ЖШС-ның бас директоры Имер Боннерді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Теңізшевройл» компаниясының өндіріс орындары мен «Теңіз» кенішіндегі короновирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды.
Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның алдағы 3-4 жылдағы даму перспективалары туралы айтылды.
Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясы іске асырып жатқан жобаларда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Имер Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі және компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.