Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды

Atr.kz/13 қаңтар, 2020 жыл.  2020 жылдың 12 қаңтары – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл.

ҚМДБ осыдан тура 30 жыл бұрын іргетасы 1943 жылы Өзбекстан астанасы Ташкентте қаланған Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан бөлініп, дербес діни басқарма болып құрылды. Осы күні Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайы өтіп, Бас мүфти қызметіне Рәтбек қажы Нысанбайұлы сайланды. Тұңғыш мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы ақсақалдың кезіндегі уақытты «алғашқы сауат ашу кезеңі» деуге болады.

2000 жылы өткен ІІІ құрылтайда Бас мүфти болып профессор Әбсаттар қажы Дербісәлі сайланды. Ғылыми саладан діни қызметке ауысқан Әбсаттар қажы Дербісәлі Бас мүфти болған жылдар «ағарту кезеңі» болды. 2013 жылдың 19 ақпанында Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс өткен VII құрылтайында Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти болып сайланды. 

Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти болған жылдары мүфтият «өрлеу кезеңіне» қадам басты.

2017 жылдың 8 желтоқсанында өткен Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында Серікбай қажы Ораз Бас мүфти болып сайланды. ҚМДБ тізгінін қолға алған Серікбай қажы Ораздың бүгінгі кезеңі жаңа замандағы «жауапты кезең».

dace7f4f db71 419b b464 8b5d8b8f4190

ҚМДБ Бас мүфти, Наиб мүфти, Бас мүфти кеңесшісі, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесі, Қамқорлар кеңесі, ҚМДБ Төралқасы, Аппарат жетекшісі, Діни істер және талдау, Шариғат және пәтуа, Мешіт істері, Іс басқарушысы, Халықаралық қатынас және протокол, Қажылық, Насихат және қоғаммен байланыс, Діни білім және кадр даярлау, Халал өнімдерін стандарттау, Баспасөз, Уақып және қайырымдылық бөлімдері мен Ғаламтормен жұмыс, Әйел-қыздар, Жастар сынды сектордан құралған.

ҚМДБ ел тұрғындарына Ислам дінінің ханафи мәзһабын насихаттап, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып, білімді мамандар дайындап және жат ағымдармен күрес жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Сонымен қатар, ҚМДБ діни әдебиеттерді дайындау және сараптамадан өткізу сынды жұмыстарды атқарса, 2019 жылдың қазан айынан бастап «Мұнара» газеті қалың оқырманға жол тартты.

Құрылғанына ширек ғасырдан асқан мүфтият 30 жылдық белесті бағындырып, ел мұсылмандарының қарашаңырағына айналды. Осынау мерейтой аясында ҚМДБ 30 мешітке ел игілігі жолында қызмет еткен тұлғалардың есімін беруді, 30 елдімекеннің ауызсу, жол-көпір мәселесіне оң ықпал етуді, 30 отбасыға қайырымдылық жасауды, 30 студентке грант тағайындауды, 30 мешітке күрделі жөндеу жүргізуді, т.б. игі іс-шараны қолға алғалы отыр. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button