mini qajsar muftiyat foto 3cb8chr jdfwvmy j6uvok8

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Жаңалықтар

Atr.kz/8 ақпан, 2020 жыл.  Мәлімдемеде мүфтият Жамбыл облысы Масанчи ауылындағы келеңсіз жағдайға алаңдаушылық білдірген.

«Мұсылман баласының мәселенің анық-қанығын білместен, дауға араласып, өз бауырына зарар тигізуі дұрыс емес. Азаматтарымызды ортақ ымыраға шақырамыз.

Жекелеген адамның өзара келіспеушілігі бұқаралық сипат алып кетпеуі керек деп ойлаймыз. Өйткені, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбеті жақсы істер үшін ғана жиналатынын өсиет еткен. Пайғамбар жолын ұстанған мұсылман мұндай амалға әсте бармайтыны белгілі.

Қадірлі бауырларым, сабырға келулеріңіз жақсылыққа апарады. Байқамастан өзге бауырымызға қиянат жасап қоюдан сақ болғанымыз қайырлы.

Алауыздықтан абай болғанымыз абзал. Қоғамдағы тыныштық әрқайсымыздың отбасымыз үшін аса маңызды құндылық екені мәлім.

Біздің халқымыз үшін бірлік пен бейбітшілік қашан да басты байлық саналған. Мемлекетіміздің игі бастамалары да еліміздегі бірлікті қамтамасыз етуге, ұлттар мен діндер арасындағы өзара татулықты нығайтуға бағытталған.

Алла Тағала халқымыздың бірлігі мен берекетін, бейбітшілігі мен амандығын арттырғай» делінген мәлімдемеде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған