Жарнама
Жаңалықтар

«QAZAQSTAN ДАУЫСЫ. БАЛАЛАР» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ НҰРШАТ ҚҰСАНОВА АТЫРАУҒА ОРАЛДЫ

Атыраулық Нұршат Құсанова «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының екінші маусымына қатысып, жеңспен оралды.

Жас әншіні жерлестері әуежайда салтанатпен қарсы алды. Оның айтуынша, жобаның әр кезеңі күрделі де қиын, әрі оған қатысқан балалардың барлығы да талантты болды.

Ал Нұршат үшін 6 мың баланың ішінен топ жарып, финалға шығу – үлкен жетістік және мәртебе. «Мені қолдаған барша жанға: ата-анама, туыстарма және достарыма алғысым шексіз. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында мен жеңіке жеттім», — деп разылығын білдірді Н.Құсанова.

 Ал Дина Нұрпейсіова атындағы Академия жанындағы музыка мектебінің оқытушысы Шолпан Маңғыстауованың айтуынша, Нұршат бала кезінен үлкен сахнада өнер көрсетуді армандаған. «Кішкентай кезінен таланты байқалып тұратын. Үлкен сахнада өнер көрсету үшін барын салды. Осы мақсатта ол вокал сабағынан қалмай, барынша дайындалды. Ол көптеген облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты атанған», — деді Н.Маңғыстауова.

Айта кетейік, Нұршат Құсанова көпбалалы отбасында дүниеге келген.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button