Жарнама
Жаңалықтар

QazaqGaz бен Sinopec көмір қабаттарынан метан өндіру жобалары туралы келісті

QazaqGaz және Sinopec көмір қабаттарынан метан өндіру жобалары туралы меморандумға қол қойды.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ делегациясының Бейжіңге сапары аясында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары Ұлан Бүркітов пен Sinopec International Energy Investment Limited бас директоры Сюэ Вэйсонг көмір қабаттарынан метан өндіру жобалары туралы Меморандумға қол қойды.

Құжатқа қол қою арқылы екі жақ Қарағанды көмір бассейніндегі көмір қабаттарынан метан өндіру әлеуетін бірлесіп зерттеу жөніндегі ниеттерін бекітті. Көмір қабаттарының метаны Қазақстанның энергетикалық секторында маңызды рөл атқара алатын өңір үшін табиғи газдың елеулі көзін құрайды.
Бұл ынтымақтастық «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның еліміздің газ ресурстық базасын ұлғайту жөніндегі стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.

Айта кетейік, «QazaqGaz» ҰК» АҚ жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша қазақстандық және халықаралық компаниялармен, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектер бойынша ынтымақтастыққа әрдайым ашық.

Айта кетейік, QazaqGaz және Теңізшевройл газ жеткізу туралы ұзақ мерзімді келісімге қол қойды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button