Жарнама
Жаңалықтар

Қазақ мұнай өнеркәсібінің қайраткері кенеттен өмірден өтті

Қазақ мұнай өнеркәсібі қайраткерлерінің бірі, ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасының Құрметті жер қойнауын барлаушысы, мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткері Кенжебек Ниязұлы ИБРАШЕВ алпыс жеті жасқа қараған шағында кенеттен дүние салды.


Ол 1958 жылы 14 шілдеде Гурьев облысының Балықшы кентінде туған. И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтының түлегі.
Еңбек жолын 1975 жылы Каспий маңы мұнай барлау экспедициясында дизелист болып бастап, мамандығы бойынша түрлі лауазымдық сатылардан өткен. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жүйесінде басшылық қызметтерді атқарды.

Кенжебек Ниязұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын-жуықтарына қайғыра көңіл айтамыз.


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button