Жарнама
Жаңалықтар

Қауіпті кезең басталды

«Өрт – тілсіз жау» дейміз. Жаздың алғашқы айы туып, өрт оқиғалары белең алып, жиілей түсетін кез келді. Дәл осы кезеңде күннің ыстығынан қураған құрғақ шөп пен қоқыстың бақылаусыз қалуынан олар тұтанып жанып, соңы қоршаған ортаға, қалаберді адам өміріне қауіп төндірер өкінішті жағдайларға ұрындырып, қайғылы оқиғаларға душар етіп жататыны жасырын емес.

Осының алдын алып, қауіпсіздік шараларын іске асыру, өкінішті оқиғалардың алдын алу, ең бастысы адамдардың қауіпсіздігін өмірін сақтап қалу – төтенше жағдайлар қызметі құрылымдарының төл міндеті. Осыған орай төмендегі қарапайым ғана қағидалар мен ережелерді сақтап, өрттің шығуына себепші жайларды болдырмау – баршамыздың борышымыз болып табылатынын ескерткіміз келеді. Қанша жерден айтылып, қаперге беріліп жатқанымен, жыл сайын, әсіресе, жаз айларында жауапсыздық пен салғырттықтың салдарынан соңы орны толмас өкінішті жағдайларға жеткізер оқыс оқиғалардың қайталанатынын көріп, куәсі болып жүрміз.
Әйтсе де, «сақтықта қорлық жоқ» дегендей, оттан сақтанудың ережелерін тағы бір мәрте еске салғанды жөн санадық. Табиғат аясына демалысқа немесе серуенге шыққанда отты, қалдықтар мен ыдыстарды жақын маңдағы ғимараттар мен құрылыс нысандарынан кем дегенде 50 метр қашықтықтан жағып, сосын оны мұқият өшіріп, қайтадан тұтынып, жанбайтынынына көз жеткізу керек. Ал, желді күндері мүмкіндігінше отты жақпаған немесе өрттің шығуынан сақтанған дұрыс. Сол сияқты елді мекендер мен мекемелердің аумағында тез тұтанатын және жанғыш заттардың қалдықтары мен үйінділерін қалдырып, жол-жөнекей тастап кетуге қатаң тыйым салынады.
Бір ескерер жайт, осы кезеңде көптеген адамдар отбасымен, ағайын-туыс, таныс-достарымен саяжайларға, табиғат аясына шығып тынығып, демалады. Сол жерде дастархан жайып, тамақтанады, көңіл көтереді. Бірақ бәрі бірдей отырған орындарын тап-тұйнақтай етіп жинап, тазаламайды, керісінше бүлдіріп, шашып кетеді. Сайып келгенде, осының бәрі өрттің шығуына себепші болады.
Түйіндеп айтқанда, төмендегі ескертпелерге құлақ түріп, қарапайым қағидалар мен ережелердің орындалуына назар аударуымыз шарт:

Құрғақ, ыстық және желді ауа райы жағдайында от жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

Көшеде лақтырылған бөтелкелерді, әйнек сынықтарын, күн көзіне қураған, қызған шөптің тұтанып, жанып кетпеуі үшін оны қараусыз қалдыруға болмайды.

Желіге қосылған электр тұрмыстық құралдар мен құрылғыларды, жанып жатқан газ плиталарын қараусыз қалдырмаңыз және оларды қадағалауды кішкентай балаларға тапсырмаңыз. Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер!

Атырау қаласының төтенше жағдайлар басқармасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button