Қауіпті де қиын мамандық иелері марапатталды (+ФОТО)
Atr.kz/24 маусым, 2019 жыл. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде қос кәсіби мерекеге орай салтанатты шара өтті.
Шарада облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Рашид Блялов мемлекеттік қызметкердің жұмысы үлкен жауапкершілік пен шыдамдылықты талап ететінін атап өтті.
Ал, қызметкерлерді марапаттау — шараның ең жағымды сәті болды.
Сонымен, ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен облыстық ТЖД департаметінің «ӨС және АҚЖҚ» ММ-сі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Мақсот Есполов марапатталды. Сондай-ақ, ҚР ІІМ Алғыс хатына департаменттің Өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Артур Иманов ие болды.
Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының Мақтау қағазымен департаменттің бірнеше қызметкері марапатталды. Ал, екі қызметкер азаматтық қорғау шендерін алды.
Жанар ҚАРЖАУБАЕВА,
облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.