Жарнама
БілімЖаңалықтар

Қауіпсіздік қалыс қалмасын!

Atr.kz/15 тамыз, 2019 жыл. Балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыруда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу – басты мақсат.  Осыған орай жаңа оқу жылына дайындық аясында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталды.

 Облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Анар Қаюпованың хабарлауынша, тамыздың 12-сінен бастау алған акция 10 қазанға дейін жалғасады.

«Акция «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін!» ұрынымен өтуде. Акцияға мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың,  ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, еңбек ұжымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері  қатысады. Бұл іс-шараның балаларға, ата-аналарға және қоғамға қауіпсіз жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелері туралы ескертпе  үшін маңызы зор» дейді Анар Маратқызы.

Оның айтуынша, акция аясында мектепке тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Яғни, автокөліктің техникалық талаптарға сәйкестігін, тахографтардың бар болуы және жарамдылығы туралы мәліметтер басты назарға алынады.  

Сондай-ақ, автобустардағы арнайы жарық және дыбыс сигналдары, мектепке кірме жолдардың және жаяу жүргіншілерге арналған өткелдердің қауіпсіздігі, яғни, сол маңда қолданыстағы бейнебақылау камераларының бар болуы да тексеріледі.

Бұдан басқа, акция аясында бірқатар іс-шаралар қолға алынады. Бүлдіршіндердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактілері болған жағдайда, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 8 (7172) 742528 сенім телефонына хабарласуға болады.  

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button