
ЖаңалықтарҚоғам
“ҚАУІПСІЗ ТАҒАМ ТАҢДА” АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы “Аламан” базарында сатылып жатқан тағам түрлеріне тексеру жүргізді.
«Ұлттық сараптама орталығының» Атырау облысы бойынша филиалы мамандары жеміс-жидек, көкөністердің құрамындағы нитрат мөлшерін тексерді.
Акция мақсаты -тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сапалы тағам ұсыну.
Іс-шара аясында тұтынушылар сатып алған өнімдерін экспресс –әдістерден тегін зерттеуге мүмкіндік алды.