
Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда дауыс берді
Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кезектен тыс Президент сайлауында дауыс беру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру учаскесіне сағат 8.48-де келді.
Сайлау учаскесінің төрағасы Қымбат Мұқанованың айтуынша, аталған учаскеде 2627 адам тіркелген. Дәл қазіргі уақытта 200-ден астам сайлаушы дауыс беріп үлгерді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірнеше саяси партия мен республикалық қоғамдық бірлестік халықтық коалиция ретінде ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевті 12 қазанда үміткер ретінде тіркеді.
Қ. Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб өкілдері еліміздің барлық өңірлерін аралап шықты.
Фото:Vlast.kz