Жарнама
Жаңалықтар

Қаржы министрі 85 мың теңге жалақы туралы айтты

Бұл сұраққа қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бізде әлеуметтік шығындар бюджеттің 40 пайыздан астамын құрайды. Жалпы, республикалық бюджетті алатын болсақ, 95 пайызы тікелей шығындар, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы. Сондықтан мен қаржы министрі ретінде бюджет қызметкерлерінің жалақысы мен жәрдемақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруға дайынмын. Бірақ шындық мынада, оны қазір көтере алмаймыз немесе Ұлттық қорға жүгіну керек болады. Бұл да келешек ұрпаққа құрал, — деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің айтуынша, соңғы бірнеше жылда бюджеттен қаржы алатын миллионнан астам адамның жалақысы, зейнетақысы, жәрдемақысы және шәкіртақысы кезең-кезеңімен көтерілді.

Премьер-министр инфляция деңгейінің биыл екі есе төмендегенін, бұл қазірдің өзінде үлкен жетістік екенін мәлімдеді. Өйткені нақты табыстың өсуі алдағы уақытта да жалғасады, — деді қаржы министрі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button