Жаңалықтар
Қарызы бар 1 млн астам қазақстандықтың мүлкіне тыйым салынуы мүмкін
Қарызы бар 1 млн астам қазақстандықтың шоты бұғатталып, мүлкіне тыйым салынуы мүмкін.
Олардың тізімі сот орындаушыларына жолданған. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бүгінде мүлік пен көлік салығын төлемеген қазақстандықтардың жалпы қарызы 29 млрд теңгеге жетеді, деп жазады qazaqstan.tv.
Оның 90 пайызы — көлік салығына тиесілі. Қарызы 138 мыңнан асатын борышкерлерге шетелге шығуға тыйым салынбақ.