Жарнама
Жаңалықтар

«Қара жәшікте» не жасырылған?

Atr.kz/30 желтоқсан, 2019 жыл. «Bek Air» әуе компаниясының борттағы өздігінен жазатын құралы Мәскеудегі мемлекетаралық авиация комитетіне жіберілді.

Бұл туралы бүгін үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдың айтуынша, мемлекетаралық авиация комитеті мереке күндері де жұмыс істеуге уәде еткен.

«Біздің мамандар кеше борттағы өздігінен жазатын құралдарды мемлекетаралық авиация комитетіне тапсырды. Үшеуі де жақсы сақталған, сондықтан жазылған жазбаларды оқып шығумен проблема болмайды деген үміттеміз», — деді Скляр үкімет отырысынан кейін.

Айтуынша, мемлекетаралық авиация комитеті мереке күндері де жұмыс істеуге уәде еткен. Тергеудің алдын ала қорытындысы 10 қаңтарға дейін белгілі болады.

Атап өтсек, қайғылы оқиға 27 желтоқсан таңертең болды. Bek Air әуе компаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлады.

Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші ұшқыш қазір ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.

Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды. 28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button