Жарнама
Жаңалықтар

Қар, бұрқасын, көктайғақ — сейсенбіге ауа райы болжамы

Atr.kz/3 желтоқсан, 2019 жыл. «Қазгидромет» РМК 3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сейсенбі күні Қазақстан территориясының басым бөлігі циклонның әсерінде болады, сонымен байланысты солтүстікте және солтүстік батыстың басым бөлігінде қар жауады. Тек  республиканың батысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

 Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.

 Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Қызылорда облысының таңертең және күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Түркістан, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел күшейіп, жылдамдығы 15-22 м/с жетеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button