Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қансорғышқа қарсы күрес: оның нәтижесі бар ма?

Масаға қарсы күреске жыл сайын бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді. Дегенмен оның нәтижесі байқалмай тұр. Мұның себебі неде? Атырау қаласы мәслихатының кезекті X сессиясында осы мәселе депутаттардың талқысына түсті.

«AG Dizinfection services» ЖШС Атырау қаласы және оның маңындағы елді мекендерде дезинфекция жұмыстарын жүргізу мақсатында жарияланған конкурстың жеңімпазы болып танылған. Мердігер келісімшартқа сәйкес бірінші кезекте сәуір-мамыр айларында масаға қарсы күрес жүргізіп, қала маңындағы жаңбыр суынан жинақт алған лас су тоғандары мен су алаңдарын залалсыздандыру жұмыстарын атқарған. Қалалық тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы жол ау ш ы л а р к ө л і г і ж ә н е автокөлік жолдары бөлімі б а с ш ы с ы н ы ң м і н д е т і н атқарушы Жұмабек Жұмағалиев «AG Dizinfection services» ЖШС-нің пандемия жағдайына байланысты дезинфекциялық жұмыстар жүргізгенін баяндады. Бірақ қансорғышқа қарсы күресте атқарылған жұмыстар мен нақты жоспарлар жайында толық ақпарат берілмеді.

Сауалдарына толық жауап ала алмаған мәслихат депутаттары бұл мәселені келесі отырыста, «AG Dizinfection services» ЖШС директорын қатыстыра отырып, қайта қарауға ұйғарды. Өйткені бұл тұрғындар үшін өзекті тақырып, ал оған атүсті қарап, асығыс шешім шығаруға болмайды. Сессияда карантин кезінде қаладағы дезинфекциялық жұмыстарға алынған 4 мың кг «Ахмахлор» ерітіндісінің т ө т е н ш е ж а ғ д а й л а р уақытында 2 100 килограмы пайдаланылғаны туралы айтылды. Ал қалғаны «Арнаулы автобаза» қоймасында сақтаулы тұр. Қала тазалығына бірденбір жауапты болып табылатын «Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Алмас Ізтілеуовтің айтуынша, қала аумағында тазалауға жататын аймақтың көлемі 4 000 мың гектардан асады. Салада арнайы техн и ка л а рд ы ж а ң а рту, G P S арқылы жұмыс атқару секілді ж а ң а л ы қ т а р б ол ғ а н ы м е н , жергілікті тұрғындар мұнда жұмыс жасауға құлықсыз.

– Жұмысшылардың қазіргі қолына алатын жалақысы 120-140 мың теңгенің шамасында. Көбі гастарбайтерлер болғанымен, олардың арасында 10 жылдан бері осы ө л ке г е о т б а с ы м е н ке л і п , еңбек етіп жатқандар аз емес. Негізінен жергілікті адамдарды қабылдауға басымдық береміз. Алайда олар бізде жұмыс жасауға құлықсыз, — деді кәсіпорын басшысы.

Оның айтуынша, «Арнаулы а в т о б а з а » к о р о н а в и р у с індетінің қаупін азайту үшін дезинфекция жұмыстарына ерекше маңыз беріп отыр. 148 автобус аялдамасы, 762 қ о қ ы с а л а ң ы ж ә н е ж а я у жүргінші, автокөлік жолдары залалсыздандырылған. Сессия барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары, әлеуметтік қорғау саласының соңғы екі жылда атқарылған жұмыстары мен «Атырау» әлеуметтіккәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін ынталандыру мәселелері де қаралды.   

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button