
Қалада жаңа мәдениет үйлері көбейіп келеді
Шежірелі Бурабайда өткен ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы әлеуметтік саланың дамуына айрықша назар аударды. Иә, мұнайлы өлкеде де мектеп пен балабақша, мәдениет орындары салынғанымен, халық санының көбеюіне байланысты қажеттілік жыл сайын артып отыр. Осыған байланысты, өңірде мәдениет саласын дамыту мақсатында 4 ауылдық округте жаңа мәдениет үйлерінің құрылысы басталған. Әлеуметтік нысандар Дамбы, Алмалы, Атырау және Тасқала ауылдарында бой көтереді.
Дамбы, Алмалы және Атырау ауылдарында 200 орындық мәдениет үйлері, ал Тасқала ауылында 300 орындық заманауи мәдениет үйі салынады. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы осы жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр.
Мәдениет үйлерінің аумағы толықтай абаттандырылып, ғимарат ішінде акт залы, кітапхана және әртүрлі өнер үйірмелеріне арналған жеке кабинеттер қарастырылмақ.
Бұл жобалар Атырау облысында әлеуметтік саланы дамытуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға елеулі үлес қосары сөзсіз.
Әлия САПАРОВА,
№34 мектеп-гимназиясы математика пәнінің мұғалімі