Жарнама
Жаңалықтар

Қала мен ауыл бюджетіне өзгерістер енгізілді

Атырау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXVIII сессиясы өтті.

652c207f f847 4862 ad44 6f5e17b369bf

Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды. Біріншісі – «2024 жыл бойынша Атырау қаласы бюджетінің атқарылуы туралы». Екіншісі – «Атырау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы №143 “2025–2027 жылдарға арналған қала бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы». Үшіншісі – «Атырау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №151 “2025–2027 жылдарға арналған Атырау қаласына қарасты ауылдық округтер бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасов пен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Руслана Досқалиева баяндама жасады. Сонымен қатар Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Жантөре Рашев, Атырау және Қайыршақты ауылдық округтерінің әкімдері Нұрлан Халмурзин мен Шапхат Қалиевтің қосымша баяндамалары тыңдалды.

Сессия барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.

Дәулетқали АРУЕВ



Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button