Қағазсыз емхана қалай жұмыс жасайды?
Atr.kz/21 маусым, 2019 жыл. Қағазсыз емхана – цифрлы жүйеде жұмыс істейтін жаңа нысан. Отандық денсаулық сақтау жүйесін электронды нұсқаға көшіріп, медициналық қызмет сапасын арттыруда ақылды технологиялардың көмегіне жүгінетін мекемелердің пилоттық жобасы жыл басынан бері облыста жүйелі жүзеге асуда.
Соның ішінде облыстық балалар ауруханасы 100 пайыз медициналық ақпараттық жүйелермен жабдықталған. Қызметкерлердің жұмыс орны компьютермен толық қамтылған. Тұрғындардың медициналық мекемелер ұсынатын электронды қызметтерді кеңінен пайдалануына барлық мүмкіндік бар.
Азаматтардың мобильді қосымшалармен еркін жұмыс істеп, дәрігердің қабылдауына үйде отырып-ақ жазылу дағдыларын қалыптастыру үшін барлық емхана қызметкерлері жұмыс жүргізуде.
«Қағазсыз емхана» жобасын сынақтан өткізіп, дәстүрлі медициналық мекемелерге жаңашыл форматтағы өзгерістер енгізуді қолға алған емхана жұмысын цифрландырудың алғашқы нәтижелерін байқауға болады. Арнаулы мобильді қосымшадан дәрігердің жұмыс кестесін қарап, қабылдауға онлайн түрде тіркеледі. Талон беру қызметінде дәрігерге кіру уақыты жазылады.
Осылайша, әрбір адам бұрынғыдай дәлізде ұзын-сонар кезек күтпей, дәрігерге алдын ала жазылған сағатта келіп, уақытын үнемдей алады. Қазір айналымын толықтай цифрлы форматта жүзеге асыруға болатын құжаттардың қағаз нұсқасы қолданыстан шығарылуда. Айталық, емханада амбулаториялық карталар электронды форматқа көшірілді.
Ерлан ДАБЫСОВ,
облыстық балалар ауруханасының ұйымдастыру
әдістемелік ісі бөлімінің меңгерушісі,
дәрігер
1 поликлиника ваще жумыс жасамайдыго.
Конилим толмайд танертен 9да барсан 12де шыгасын. 1кабинетте 4медсестра 1врач сонда кагазынды битирип бермидго. 26каб.
19каб больничный лист врачтын колын кою ушин 26минут отырдим. Алдимда небары 2адам.