
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы басталды
Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысып отыр.
Сарапшылардың пікірінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауы стратегиялық маңызы бар бағыттарға арналады. Оның ішінде мемлекеттік басқару мен экономикада тиімділігін дәлелдеген цифрландыру мен жасанды интеллекті енгізу мәселелері басты орынға шығады. Сонымен қатар ішкі нарықты дамыту, жоғары қосылған құны бар өнім өндіруді ынталандыру, азық-түлік, энергетикалық және көлік қауіпсіздігін нығайту мәселелеріне басымдық беріледі. Денсаулық сақтау, білім беру және экология саласындағы әлеуметтік реформаларға да ерекше назар аударылмақ.
Айта кетейік, Жолдаудың онлайн трансляциясы Jibek Joly эфирінде, сондай-ақ телеарнаның YouTube арнасында жүріп жатыр.
Kazinform сайты тікелей эфирмен қатар, жазбаша трансляция да жасайды.
Сондай-ақ Жолдау мәтінін агенттіктің телеграм арнасынан оқуға болады.
https://kaz.inform.kz/news/live-prezident-kasim-zhomart-tokaevtin-kazakstan-halkina-zholdaui-5d9746/