Жаңалықтар
Президенттің күзет қызметінің басшысы тағайындалды
Ақорда Роман Төреханов президенттің күзет қызметінің басшысы болып тағайындалғанын хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.
Фото: www.akorda.kz