ПРЕЗИДЕНТТІҢ БАЙРАҒЫ КӨТЕРІЛДІ
Елбасы шараға қатысушыларға арнаған сөзінде тәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет Мемлекеттік күзет қызметі құрылғанын айтты.
— Бүкілхалықтық сенімге арқа сүйей отырып, мен 16 желтоқсанда еліміздің тәуелсіздігін жарияладым. Сол себепті де, Тұңғыш Президент күні мен алдағы ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні арасында тығыз байланыс бар, — деді Қазақстан Президенті.
Соңында Мемлекет басшысы офицерлерге мықты денсаулық, Отанымыздың игілігі жолындағы жауапты қызметтеріне табыс тіледі.
Рәсім барысында Мемлекеттік Әнұранның әуенімен резиденция алдындағы тутұғырға Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы көтерілді.
Қазақстан Республикасының рәміздеріне әскери құрметін өтеген парадтық есептоп сарбаздары «Ақорда» алдындағы алаңда сап түзеп өтті.
Байрақ республика елордасындағы Қазақстан Президентінің резиденциясында тұрады, ал Мемлекет басшысының сапарлары кезінде басқа резиденцияларда, Республика Президентінің көліктерінде болады.