Жарнама
Жаңалықтар

Президент Жолдауын талқылады

Бүгін «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы білім және денсаулық мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті.

Кеңестің күн тәртібінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, маңызды міндеттер мен бағыт-бағдарларға тоқталды.

Сонымен қатар, өңірдің мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің бір топ есепшілерінің еңбекақысын көтеру, Индербор кентіндегі Көктем орта мектебінің техникалық қызметкерлерінің жұмыс регламенті мәселелері көтерілді.

Күн тәртібіндегі мәселер жан-жақты талқыланып, қаралған мәселелер бойынша жауапты мекеме басшылары шақырылып,  кеңес мүшелері және қатысушылар тарапынан нақты ұсыныстар берілді.

-Кеңес мүшелеріне белсене қатысқаны және жауапты мекеме басшыларының көтерілген сұраққа деген жауапкершілігі үшін алғысымды білдіремін. Аталған ұсыныстардың орындалуы кеңес мүшелері тарапынан бақылауда болады, — деді білім және денсаулық мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің төрағасы Саламат Идрисов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button