Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Президент сұхбатында құқықтық сауаттылықты арттыруға қатысты бірнеше бағыттарды атады

Қоғамның дамуының алғышарттарының бірі — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Құқықтық сауаттылық құқықтық сана мен құқықтық мәдениетке жетелейді. Әрине, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру бір күндік жұмыс емес. Мемлекет деңгейіндегі арнайы бағдарламалық саясатпен жүзеге асырылатын іс. Бүгінгі таңда бұл саясат жүйелі іске асырылып жатқандығы қоғамдағы оң өзгерістерден байқалады. Құқықтық саясат іске аса бастағанда қоғамның өзекті проблемасына айналған жастар арасындағы құқықбұзушылықтар, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жемқорлық сияқты жағымсыз әрекеттер сап тыйылмақ. Себебі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы олардың құқықтық сауаттылығына, құқықтық санасының деңгейіне байланысты. Және бұны әрбір азамат түсінуі қажет. Мемлекет азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын арттыруға жағдай жасап, олардың құқықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін жүзеге асыру мен қорғаудың жолдары мен шектерін әр азаматтың білуін қамтамасыз етіп отыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып, азаматтардың құқықтық сауаттылығы қалыптасқанда ғана «заң мен тәртіпті» құрметтеп, құқықтық нигилизм жойылады.

Жергілікті жоғары оқу орындары жоғары ағартушылық идеялар ордасы, құқық саласының оқытушы-мамандары кәсіби құқықтық саналы құқық саласы мамандарын даярлаумен қатар, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қағидалар, қазақ әдет құқығы, жастар арасындағы құқықбұзушылықты алдын-алу және т.б. өзекті мәселелерді қамтитын шараларды мектеп, колледж және ЖОО білім алушылары арасында жүйелі ұйымдастырып келеді және бұл іс жалғаса бермек.

Үздік ИДРЕСОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а.                                   

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button