Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Президент жақсы күндерге деген сенімді нығайтты»

Аtr.kz/27 сәуір, 2020 жыл. Мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетілгенін атап өтті. Оның ішінде жалғызбасты ана мен де бармын.

«Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан қаржы бөлінді. «Nur Otan» партиясы белсенді жұмыс атқаруда» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Міне, маған да сол қордан күні кеше ғана 50 мың теңге берілді.

Ұялы телефоныма «Шотыңызға 50 мың теңге түсті» деген смс-хабарлама келген сәтте қуаныштан көз жасына ерік бердім… Басымызға қандай қиын күн туса да, мемлекет қамқорлығын аямай келеді. Жұбайым өмірден өтіп, тағдыр тәлкегін кешсем де, балаларымды қатардан қалдырмай өсіріп келемін.

«570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылды. Жалпы, 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетіледі» деген Президент біз секілді әлеуметтік осал топтарға көмек жалғасын табатындығын айтты.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біргеміз» республикалық акциясы Атырауда да жалғасын тауып жатқаны қуантады. Өйткені, «Birgemiz-Atyrau» қоғамдық қоры мен сияқты әлі талай мұқтаж отбасыға қол ұшын беретіні анық.

Эльмира ЖАРЫЛҒАСЫНОВА,

жалғызбасты ана.

Атырау қаласы

http://atr.kz/bez-rubriki/%d1%8dkskl%d1%8eziv-koronavirustan-zhazylyp-shyqqan-atyraulyq-algash-ret-ashyq-suhbat-berdi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button