Жарнама
Жаңалықтар

Президент сайлауы: Атыраулықтардың 25 пайызы дауыс беріп үлгерді

Бүгін – кезектен тыс Президент сайлауы. Ел көлемінде өтіп жатқан маңызды саяси науқанға қатысушылардың белсенділігі қалай? ҚР Орталық Сайлау комиссиясы нақты мәліметтерді таратты.

Сайлаушылардың келуі туралы алдын ала ақпарат ұсынған Орталық сайлау комиссиясы Астана уақыты бойынша 10:00-дегі мәліметтерге сай, Атырау облысы бойынша көрсеткіш 25,03 %-ды құрайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Атырау облысы бойынша 261 сайлау учаскесі бар. Олар таңғы сағат 7:00-ден 20:00 аралығында ашық болады. Облыс бойынша 409 949 сайлаушы тіркелген.

Жалпы осы уақытқа дейін республика бойынша 2 792 962 азамат бюллетень алды. Бұл сайлаушылардың тізіміне енгізілген азаматтардың — 23,37 пайызын құрайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button