Жарнама
Жаңалықтар

Президент ҚХА-ның жаңа сыйлықтары мен орденін бекітуді ұсынды

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлт бірлігін нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін» орденін бекіту керек. Бұл туралы бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеріміздегі үндестік пен келісімді нығайтуға нақты істерімен үлес қосып жүрген азаматтарды жан-жақты ынталандыру қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясының екі сыйлығын бекітуді ұсынамын. Біріншісі – әдебиет пен журналистика саласындағы үздік еңбек үшін. Екіншісі – мәдениет және өнер саласындағы үздік туындылар үшін. Бұл марапаттарды жеке авторлар да, шығармашылық ұжымдардың алуы маңызды болмақ. Бұл ретте ақшалай сыйлықтың мөлшері мемлекеттік сыйлықтан кем болмауы тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент жаңа мемлекеттік награданы, яғни Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлт бірлігін нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін» орденін бекіту керек екенін айтты.

«Алғашқы лауреаттарға бұл наградаларды биыл қазан айында Республика күніне орай табыстауға болады», — деді Мемлекет басшысы.

Бұл тұрғыда Президент еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға азаматтарымыздың қосқан үлесін мемлекеттік деңгейде мойындау жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қуатты серпін беретінін айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button