Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Президент парламенттік оппозицияға қатысты заңға қол қойды

Аtr.kz/2 маусым, 2020 жыл. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 28 мамырда Сенаттың жалпы отырысында «ҚР Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы» заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданған еді. Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр 20 желтоқсанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында парламенттік оппозиция институтын заңнамалық бекіту туралы тапсырмасын орындау мақсатында дайындалды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button