Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы ел алдында тұрған басым міндеттерге тоқталды

Бүгін таңертең ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Egemen Kazakhstan» газетіне сұхбат беріп, еліміздің саяси экономикалық, мәдени ахуалымен болашақта алдымызда не күтіп тұр деген мәселенің төңірегінде өзінің пікірін ашық білдірді.

Ол өз сөзінде Қазақстан билігіне келген 2019 жылдан бастап атқарған жұмыстарымен болған қиыншылықтарды жою және олардан қалай шығудың жолдарын бүкпесіз айтты. Ол әсіресе, соңғы бір екі жылдың төңірегінде жүргізілген саяси реформаларды айтудың барысында Конституциялық соттың және заң шығарушы орган Парламенттің жаңа қызметіне тоқтала келе еліміздің басқару ісінде былтырдан бері орын алған демократиялық өзгерістерге тоқталды. Атап айтқанда, өткен бір жылдың өзінде республика бойынша 700-дей аудан әкімдерін билік басына келгенін атап өтті. Тілшінің сұрағына орай қалың жұртшылықтың көкейінде жүрген әлеуметтік мәселелер жөнінде айта келіп, үкіметтің бюджеттік ұйымдар мен халықтың аз қамтылған бөліктеріне жалақы мен қосымша үстемақылардың жүйелі түрде өсіріліп келе жатқандығы айтылды. Сонымен қатар, қасіретті қаңтар оқиғасының себебі мен салдарын айта келе Президент бұл трагедияға бұрынғы билік пен оның төңірегінділердің ықпалы болғандығын жасырмады. Сайып келгенде, ниеті бұзық тұлғалар жаңа билікке деген өшпенділігімен қастаңдығын 2021 жылдан бастап-ақ кіріскендігі мәлім болды. Сонымен қатар, өзінің қаңтар оқиғасы кезінде түрлі күштердің әлсін-әлсін талап етуіне қарамастан Ақ Ордадан кетпей, ең соңына дейін басқарып, жағдайды бірқалыпты күйге көшіруде барлық мүмкіндігін салғандығын атап көрсетті.

Сонымен қатар, сол кездегі ең ауыр шешімдердің амалсыздан жүзеге асырылғандығын, Алматы қаласында халықтың кейбір бөлігінің қолында ең соңғы қару-жарақтармен елдің тәуелсіздігіне қауіп төңдіргенін түсіндірді. Президенттің айтуынша, сол топтардың қолдарында 3500-ге жуық қару-жарақтың болғандығы елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, мемлекеттік төңкеріске алып келуі мүмкін еді. Жаңа жылдан не күтесіз деген сұраққа, елімізде бірқатар ауқымды саммиттер мен форумдар өтетіндігін және ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету бойынша әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына-800 жылдығын атап өтетіндігін көрсетті. Мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алатындығы айтылды.

Президент сұхбатының біз үшін ең маңыздысы – бүкіл ұлттық Құрылтайдың біздің өңірде, ортағасырлық Сарайшық мәдени-тарихи Кешенінде өткізілетіні айтылды. Бұл, тек т.ғ.д., профессор Ә.Қ. Мұқтар басқаратын ұжымға ғана емес, бүкіл облыс еңбекшілеріне үлкен мәртебе болатыны сөзсіз. Біз, Атырау университеті ұжымы Президенттің бағдарламалық сұхбатын толық қолдай отырып өз кезегімізде адал еңбекпен жауап береміз.

Шахман НАҒИМОВ,

педагогика ғылымдарының докторы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button