Президент азық-түлік бағасын бақылауды күшейтуді тапсырды

9493247112036630 Жаңалықтар

Премьер-Министр Қазақстанда цифрлық платформа құру туралы Мемлекет басшысының берген тапсырмасының орындалу барысы жайында баяндады, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұқтаж азаматтарды сапалы баспанамен барынша қамтамасыз ету мақсатында Үкіметке «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын толыққанды іске асыруға қатысты проблемаларды шешуге ерекше назар аударуды тапсырды.

Үкімет жергілікті маңызы бар жоғары сапалы жолдарды жөндеу және салу мәселелерімен айналысуы керек.

Азаматтарға вакцина салуды ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету және биылғы белгіленген шекке (6 млн адам) қол жеткізу мәселесі де өзекті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдеріне азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін бақылауды күшейтуді тапсырды.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз