Президент: «Әзірге карантинді сақтаудан басқа амал жоқ»
Atr.kz/10 сәуір, 2020 жыл. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Індет кезінде шектеу шараларын жеңілдетуге болмайды. Осы себепті елордада, Алматыда, Шымкентте және тиісті облыстарда карантин режимін сәуір айының соңына дейін ұзартуды тапсырамын. Бұл қалыпты шешім емес екенін түсінемін, адамдар сыртқа шығып, әдеттегі, үйреншікті өмір салтын қалпына келтіргісі келеді.
Дегенмен, әзірге карантинді, өзін-өзі оқшаулауды сақтаудан басқа амал жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсыныстары», — деп атап өтті Мемлекет басшысы
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Індет кезінде шектеу шараларын жеңілдетуге болмайды. Осы себепті елордада, Алматыда, Шымкентте және тиісті облыстарда карантин режимін сәуір айының соңына дейін ұзартуды тапсырамын.
Бұл қалыпты шешім емес екенін түсінемін, адамдар сыртқа шығып, әдеттегі, үйреншікті өмір салтын қалпына келтіргісі келеді. Дегенмен, әзірге карантинді, өзін-өзі оқшаулауды сақтаудан басқа амал жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсыныстары», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Еске сала кетелік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.
Нәтижесінде елімізде төтенше жағдай режимі сәуір айының аяғына дейін ұзартылды.