Президент Атырау облысы ауылдарын 2 жылдың ішінде таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды

Жаңалықтар
14 / 100

Алдағы 2 жылдың ішінде Атырау облысының барлық ауыл тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды atr.kz

vodosnabgenie small

«Ауылдық жерлерде сапалы ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз етуге қатысты проблема әлі күнде дейін шешілген жоқ. Облыста 30 ауыл немесе ауылдық елді мекендердің жалпы санының 20 пайызы тиісті сападағы және толық көлемде ауыз сумен қамтамасыз етілмеген», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының атап өтуінше, биыл өңірде тек 7 ауылды ғана ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

«Бұл өте төмен қарқын. Үкіметке өңір әкімдігімен бірлесіп, 2 жылдың ішінде бұл мәселені толықтай шешуді тапсырамын», – деді ҚР Президенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған