Жарнама
Жаңалықтар

Президент астаналық оқушының арманын орындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазған астаналық оқушының арманы орындалды.

12 жасар Кемел Жүсіпов ҚР Президентіне хат жазып, оны әлеуметтік желіде жариялаған.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Менің атым Сіздің әкеңіздің есімі сияқты – Кемел. Осыдан тура 12 жыл бұрын 4 желтоқсанда ата-анам маған осы есімді берді. Мен Астанада тұрамын, Қазақстан тарихын, дүниежүзілік тарих пен географияны сүйсіне оқимын, түрлі елдердің банкноты мен монеталарын жинаймын, саяхаттағанды ұнатамын және 4 елде болдым. Бүтін әлемді шарлап шығуды армандаймын… Мен Сізбен кездесуді және қолтаңбаңыз қойылған «Әке туралы ой-толғау» кітабын сыйлыққа алуды армандаймын. Хатыма назар аударасыз және арманым орындалады деп үміттенемін», — делінген оқушының хатында.

Күні кеше Кемел Жүсіпов Instagram-дағы парақшасында Мемлекет басшысы өзінің арманын орындағанын жазды.

«Президент хатымды оқыды. Өзімнің 12 жасқа толған туған күніме Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының ізгі тілегі мен қолтаңбасы бар кітапты сыйлыққа алдым. Арманым орындалды, әлі сене алар емеспін», — деді жеткіншек.

Kazinform 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button