Жаңалықтар
Премьер-министр орынбасары ұшақ апатына қатысты өткір пікір білдірді
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау қаласының маңында болған ұшақ апатына қатысты өткір пікір білдірді:
– Әлеуметтік желілерді қарап отырып қатты көңіл күйім түсті. Елге белгілі басылым оқиға орнынан дене бөлшектерінің көрінісі бар бейнежазба таратты. Денелері күйіп, сау тамтығы қалмаған адамдарды көрсетіп ел назарын аудару арқылы қаралым санын арттырып, оқырман санын көбейткенмен, олардың туыстары мен жақындарының құқықтары мен психикасын құрметтеңіздер! Әдеп сақтауларыңызды өтінемін. Өйткені олардың туғандары мен жақындары жағдайды көріп уайымдайды. Бұл мәселе жуық арада қарастырылып, құқықтық бағасы берілетін болады, — деді Қ.Бозымбаев
Аударған atr.kz сайты редакциясы
Телеграм: