Жаңалықтар
Полицияға пышақпен шабуыл
ИНДОНЕЗИЯ. Джакартаның маңында пышақпен қаруланған ер адам полицияға шабуыл жасап, 3 тәртіп сақшысын жаралады.
Жараланғандардың бірі полиция бастығы екені анықталды. Шабуылшыны тоқтату үшін полицейлер оқ атып, жігітті аяғынан жаралады.
Анықтай келе, террористің 21 жастағы Султан Азианзах екендігі анықталды. Еш жерде жұмыс істемейтін Азианзах ТГИЛ-дің Индонезия аумағына таралған «Даула Исламия» тобының мүшесі болып шықты.
Бақытжан Жұмат