Жарнама
ЖаңалықтарСарапTimeҚұқық

Полиция – қоғам сақшысы

Аtr.kz/23 маусым, 2020 жыл. Тәуелсіздік алған жылдардың ішінде егемен Қазақстанның полициясы бірнеше маңызды реформаны бастан өткізді. Бүгінгі күні сақшылар құрамын еліміздің ішкі тәртібін сақтауда шыныққан, орасан зор тәжірибе жинақтаған нағыз кәсіби құрылым деп айтуға болады. Дүниежүзін алаңдатып отырған пандемиямен күресте де олардың сүбелі үлесі бар. Егеменді елдің тыныштығы үшін жауап беретін тәртіп сақшысы болу – үлкен мәртебе саналады.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП КҮЗЕТІНДЕ

Елімі здің полициясы төтенше жағдай кезінде ерек­ше режимде қызмет атқарды. Барлық қызметкеріміз қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыстың алдын алуға және коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге жұмылдырылды. Медициналық мекеме­лер, карантин орындары, провизорлық нысандар күзетуге алынды.

Карантин жағдайындағы полицияның қызметін халық бағалай жатар, бірақ, олардың үй көрместен, уақытпен са­наспастан еңбек еткені рас. Күні-түні жұмыс істейтін олар қоғамдық тәртіпті бақылап, карантин режимінің сақталуын жіті назарда ұстады. Карантиндік орындар­ды, блок-бекеттерді күзетуге тартылған сақшылар инфек­ция жұқтырудан қорғану үшін өздерінің отбасыларын айлап көрмеді. Полицейлер медицина қызметкерлерімен бірге бастарын қатерге тігіп, тәулік бойы қызметтерін адал атқарды.

Қазір технологияның дамыған заманында тұрғындар да кез келген мәселеге бей-жай қарамай, өздерінің көзқарасын білдіріп, белсенділік танытып жүр. Азаматтардың түсірген бейнежазбалары бір сәтте әлеуметтік желіде тарайды. Біз де өз тарапымыздан түйткілді мәселенің дер кезінде шешілуіне жұмыстанамыз. Нәтижесінде, халықпен кері байланыс жолға қойылды.

Бұл бағытта Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында келелі міндеттерді алға қойды. Онда Президент халықпен тиімді байланыс орнату­да, алдымен қоғамдық диа­лог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел на­зар аудару мемлекеттік ор­гандар қызметінің негізгі басымдықтары екенін айрықша атады. Адамдардың қауіпсіздігі, бейбіт тұрмысы, құқының қорғалуы, заң талаптарының сақталуы – бүгінгі күннің басты талабы бо­лып қала бермек. Осыған орай, еліміздің полициясы ашық әрі адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аударуы үшін бірқатар игі істі жүзеге асыр­ды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін орган екені айқын көрінді.

ХАЛЫҚ ТЫНЫШТЫҒЫН САҚТАУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Өңірдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қ о луы–тәртіп сақшыларының алдын­да тұрған ең басты міндет. Жалпы, облыста қылмыстық жағдай тұрақты деуге бо­лады. Күн сайын көшедегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тәртіп сақшылары мен сарбаздар да атсалыса­ды. Қылмыстық жағдайды тұрақтандырып, көшелер мен көпшілік жиі шоғырланатын қоғамдық орындарда жасала­тын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жыл ба­сынан бері жедел шаралар мен рейдтер тұрақты жүргізілді.

Нәтижесі айтарлықтай, бес айда жалпы қылмыстық құқықбұзушылықтар саны екі мың шамасында болып, өткен жылға қарағанда азайды. Ал, аса ауыр қылмыстың ашылуы 92,3 пайызды көрсетті. Бұл – қанағаттанарлық көрсеткіш. Қазіргі кезде ашылмай қалған аса ауыр қылмыс түрлері жоқ.

Айта кету керек, өткен 2019 жылғы желтоқсанда енгізілген өзгерістерге сай, Қылмыстық кодекске мал ұрлығының жеке ережесі енгізіліп, қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылды.

Полиция үшін қашан да қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, адамдардың тыныш, бейбіт өмір сүруін тұрақты қадағалау – басты міндет. Оны талапқа сай орындау бүгінгі күннің мәселесі болып тұр. Соның көрінісіндей, аймақта ұрлықпен айналысқан он алты қылмыстық топ құрықталды. Оның біреуі «гастролер» бо­лып шықты. Олардан 70-тен аса бөтеннің мүлкі табылды.

Қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын-алуда бейнекамералардың да айтарлықтай көмегі бар. Қазіргі таңда облыс орталығы Атырау қаласы мен Жылы­ой ауданының орталығы Құлсарыда 900-ге жуық бей­некамера істеп тұр.

ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ АШЫЛУЫ – ЖЕКЕ БАҚЫЛАУЫМДА

Елімізде жарияланған төтенше жағдай, карантиндік ш аралар облыстағы қылмыстың азаюына ықпал етті. Атап айтқанда, денсаулыққа зиян келтіру – 45 пайызға, зорлау 23, тонау 34, бұзақылық 42 пайызға, ұрлық саны 48 пайызға төмендеді. Көшелерде жаса­латын қылмыс та азайып отыр.

Ал, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғушылық, кісі өлтіру және қарақшылық бойынша барлық қылмыстар оның аса ауыр түріне жатады. Мұндай сорақылық қоғам арасында үлкен резонанс тудыратыны заңдылық. Осы сипаттағы қылмыстарды тергеу, дер кезінде ашу департамент бас­шысы ретінде өзімнің ерекше бақылауымда болады.

Облыстағы пандемия дүрбелеңі алаңдатып отыр. Қазір карантиндік талаптар қайта күшейтіліп, полицейлер азаматтарға оқшаулануды сақтау қажеттілігін түсіндіруде. Оның орындалуын да қамтамасыз етеді. Тұрғындар карантиндік шектеулерді қатаң сақтағанының арқасында қауіпті індеттің таралуына жол берілмейтінін түсінді. Әрине, жұмыс ба­бында біздің қызметкерлер де инфекцияны жұқтырды. Дәрігердің қадағалауымен ем-домын алып, сауыққан қызметкерлердің барлығы да өз міндеттеріне кірісті. Осы орайда полицияның атқарып жатқан қызметі орасан. Тәртіп сақшылары бұл қиындықты еңсеріп, міндеттерін орындау- да абырой шыңына шығады деп сенім білдіремін.

Қорытындысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың «Қарапайым азаматтардың тыныш ұйықтап, қауіпсіз өмір сүруі – біздің басты міндетіміз. Әрине, полицейлердің жұмысында да кемшіліктер бар. Оларды түзеу үшін біз бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Тәртіп бұзған, қылмысқа жол берген қызметкерлердің ішкі істер органдарында жұмыс істеуге құқығы жоқ. Біз ондай полицейлерден тазарып, тек Отан алдында адал қызмет ететіндерді қолдаймыз. По­лиция – қоғам айнасы! Президентіміз айтқандай, біз қашан да ашық әрі халықтың сенімді серігі болуға бар күшімізді саламыз» деген сөзімен түйіндегенді жөн көрдік.

Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ,

облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі

Дайындаған: Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button