Полицейге қарсы шыққан атыраулық кешірім сұрады…
Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамаған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
3 шілде күні сағат 19:52 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына 1984 ж.т., қала тұрғыны қоңырау шалып, Вокзал маңы 5 мөлтек ауданында орналасқан “Идеал” супермаркетінің ішінде белгісіз адаммен келіспей жатқандығы жөнінде хабарлама берген.
Аталған хабарлама бойынша барған учаскелік полиция инспекторы жәбірленушіден арыз алу кезінде, 1985 ж.т., азамат ішімдік ішкен мас күйінде полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай қарсылық білдірген.
Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабының 3 бөлімімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттама толтырылып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Одан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлімімен (Ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚБтК-нің 667 бабының 1 бөлімімен (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) әкімшілік хаттамалар толтырылып, сот шешімімен 36 жастағы азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.