Жарнама
Жаңалықтар

Пойыздардың кешігуі азайды ма?

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пойыздардың кешігуіне теміржолдың тозуы әсер етіп отырғанын айтты.

— Бұл мәселе әлі де бар. Бірақ жолаушылар қауіпсіздігі және жолаушылар пойызының кестесін сақтау — біздің басты міндетіміз, яғни қауіпсіздікке ерекше екпін қойылған, — деді Т. Алдыбергенов Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып. 
Оның айтуынша, қазір теміржолдың тозуы 57 пайызды құрап отыр. Осыны ескере отырып, ірі көлемде жол жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр (жылына 1400 шақырым).
— Қазіргі кезде пойыздар бойынша кешігудің азаюы 37 пайызды құрады, — деді ҚТЖ басшысы.

Бұған дейін теміржол саласындағы ірі жобалар қашан пайдалануға берілетінін жазған едік. 
Қазіргі кезде 5 жоба бойынша жаңа құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Олар: «Достық — Мойынты», «Алматы айналма теміржолы», «Дарбаза — Мақтаарал», «Мойынты — Қызылжар» және «Бақты — Аягөз». Осы жылы мерзімінен бұрын екі ірі жоба аяқталады: «Достық — Мойынты» учаскесі және Алматы айналма теміржолы.

Биыл шілде айында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев кешігіп келетін пойыздар мәселесін шешуге инфрақұрылым мен инвестицияға байланысты ауқымды жұмысты іске асыру керек екенін айтты. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button