Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Пилоттық аудандар әкімдерін сайлауға байланысты тіркеу процесі аяқталды

 2023 жылғы 5 қарашада өтетін пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімін сайлау жөніндегі сайлау науқаны шеңберінде 10 қазанда сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

Аумақтық сайлау комиссиялары аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдігіне 164 кандидатты тіркеді, олардың ішінен 69-н саяси партиялар, 95 — өзін-өзі ұсынды. Тіркелген үміткерлердің орташа жасы – 46,4 жас. Ең үлкен жастағы үміткер Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында 61 жаста, ең жас Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 29 жаста. Үміткерлердің көпшілігі ер адамдар. Сонымен бірге 10 әйел тіркелген.

Тіркелген кандидаттардың 20,73%-і — экономистер, 19,51% — заңгерлер, 16,46% — оқытушылар, 12,2% — инженерлер, 11,59% — ауыл шаруашылығы мамандары және 19,51% — басқа мамандықтардың өкілдері. Осылайша, қазіргі уақытта аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауындағы орташа бәсекелестік 3-тен аса кандидатты құрайды. Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап сайлау алдындағы үгіт 10 қазан сағат 18.01-де басталып, 4 қараша сағат 00.00-де аяқталады. 4 қараша — тыныштық күні.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қараша күні Атырау облысында Исатай мен Қызылқоға аудандарының әкімдері сайланады.  Дауыс беруге 60 мың азамат қатыса алады. Екі ауданда барлығы 34 сайлау округі бар. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button