Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Пилоттық жоба: Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі

Аtr.kz/16 мамыр, 2019 жыл. «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарының Қазақстанның дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі басымдығының бірінші бағыты кәсіби аппарат құру.

Осыған орай, мемлекеттік қызмет саласына бірқатар өзгерістер енгізілген болатын. Олардың алғашқысы, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі. 2018 жылдан бастап пилотты жүйеде бірқатар мемлекеттік органдарға еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізіп, қазіргі уақытта оң нәтижелерін беруде.

Бүгін Ұлттық бюроның Атырау облыстық департаментінде аталған жобаның қорытындысы талқыланды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов:

— Бонустар қалай есептеледі? Жаңа жүйе бойынша әрбір мемлекеттік қызметші жылдық жеке жоспарын бекітеді. Онда нақты көрсеткіштер жазылған. Көрсеткіштер тиісті мемлекеттік органның негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштерді көтеруге бағытталған. Соған сәйкес, жұмыстың тиімділігі бағаланады. Мысалы, «жылына 200 кездесу өткізу керек» деген міндет болса, бірақ оның 100-ін ғана өткізсе, ол да жоспарды орындамады деген сөз. Немесе бюджеттің ақшасын толығымен игеруге қатысты міндет бар. Оны 100 пайызға орындамаса,  жеке жоспарын орындамаған болып саналады.

Соған қарай бонустар беріледі. Жеке жоспарын толығымен орындап шыққан әрі өзіндік бастамаларымен көзге түскен мемлекеттік қызметшіге кем дегенде 4 айлық мөлшерде бонус беріледі.

          Агенттік пен оның аумақтық департаменттері осы жаңа жүйеде пилоттық мемлекеттік органдардың қатарына жатады. Алғаш болып Агенттік пен оның аумақтық департаменттерінің қызметкерлеріне жеке жылдық жоспарының орындалысына баға беру арқылы бонустар төленді.

          Бонустарды төлеу арқылы біз қызметкерлеріміздің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартылды десе де болады. Қазіргі таңда, департамент қызметкерлерінің бірі ипотекалық тұрғын үй алу үшін бастапқы соммасын төлеп жатырса, бірі несиелерін мезгілінен бұрын жауып жатыр.

Сондай-ақ, бір қызметкеріміз өзінің жұмыстан тыс уақытын тиімді пайдалану үшін өзінің бақшасында отбасы үшін кішігірім жылыжай жасамақ.

Бонустарды төлеудің өзіндік орны мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады. Және де қазіргі таңда бұл жүйе өзінің оң нәтижесін беруде, — деп түйіндеді.

Жалпы, бонустар мен үстемелер төлеу – қызметкерлерді ынталандыру шаралараның бірі. Осы бағытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық департаменттерінің қызметкерлеріне ағымдағы жылдың мамыр айында бонустар төленді.

          Бұл мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын едәуір жақсартты. Мысалы, Департаменттің 3 қызметкері ипотекалық тұрғын үй алу үшін бастапқы соммасын төлесе, 2 қызметкер автокөлік сатып алды. Сондай-ақ, бірқатар қызметкерлер өзінің несиелерін мезгілінен бұрын жауып жатыр.

Ал, бұл туралы бонус алған мемлекеттік қызметшілер не дейді?

          АЛДИЯРОВА Гүлдана: «Мен Әкімшілік басқармасының бас маманы қызметін атқарамын, екі баланың анасымын. Еліміз мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа сатысына қадам басуда. 2018 жылдан бастап Агенттік  бірқатар дамыған елдердің тәжірибелеріне қарап мемлекеттік қызметте жаңа кәсіби аппартты құру мақсатында жаңа пилоттық жоба енгізді. Еңбекақы төлеудің факторлы-балдық жүйесінің арқасында қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің мәртебесі көтеріліп, жұмыстардың сапасы бойынша еңбекақы төленуде. Сондай-ақ жыл соңында жұмыс нәтижесі бойынша қызметкерлерге бонустар  төленеді.

Қазіргі таңда осы енгзілген еңбекақы төлеудің ФБШ  жүйесі арқасында көптеген мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағдайы жақсарды.

Мен өзім несиеге көлік алғанмын. Балаларымды мектепке өзім апарып, әкелемін. Маған өте қолайлы болды.

Елбасымыздың осындай жаңа жүйелерді қолдап, халықтың, мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында іске асырып жатырған жұмыстары үшін үлкен алғысымды білдіремін».

ҚУАНЫШЕВ Сапарбай: «Мемлекеттік қызмет саласындағы озық тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, Агенттіктің пилоттық режимдегі жұмысының жаңа графигі енгізілді.

 Енді жұмыс сағат 17.30-да аяқталады.

Осыған орай, мемлекеттік қызметшілерге кешкілік уақытта өзін-өзі дамытуға, спортпен шұғылдануға, кәсіби жетілуге, т.б. жұмыстарға уақыт жеткілікті болуда.

Мен үйіміздің ауласында кішігірім жылыжай орнатып, бос уақытымды немерелеріммен сол жерде өткізгім келеді. Сондықтан бонус қаражатының бір бөлігіне жылыжай үшін құрылыс материалдарын алуды жоспарладым».

БАЙШЕРКЕШОВ Жеңісбек: «Осы Департаментке жұмыска 2017 жылдың маусым айының басында орналастым. 2018 жылдың қантар айынан бастап біздің Агенттікке жаңа енбакақы төлеу жүйесі яғни, факторлық-баллдық шкала жүйесі енгізіліп, айлығымыз 2-3 есеге өскен болатын. Содан бері мен осы жаңа енбекақы төлеу жүйесінің арқасында әлеуметтік жағымнан біршама  жетістіктерге қол жеткіздім.

Мысалы, ең бірінші үлкен жетістігім ол жеке баспаналы болдым. Жаңа автокөлік алдым. Бұдан бөлек, күні кеше осы мамыр айы ішінде бір жылдық жасаған жұмысымыз бағаланып, қомақты қаржыда бонус алған болатынмын.

Сол берілген бонустың арқасында, кішігірім несиелерімді жауып, баспанама қазіргі үлгідегі жөндеу жұмыстарын бастап кеттім.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшіге деген қолдау өте жоғары дәрежеде жасалуда. Төрағамыз Алик Жатқамбайұлына алғысымызды білдіремін».

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button