Жарнама
Жаңалықтар

«Патриоттық сезім жетіспейді»

Қазақ тілін ғылым мен технологияның, электронды ақпарат құралдарының, саясат пен мемлекетті басқару тіліне айналдыру, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылығықазақ тілінің мәртебесін көтерудегі педагог рөлі қандай? Осындай мәселелер «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өткен «дөңгелек үстелде» көтерілді.

Көркем әдебиеттің рөліне тоқталған педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрзила Сәрсенова  оны оқытудың әлі де болса талап деңгейінде еместігін айтады. Бұл орайда оқушыны ойдан әңгіме құрап, шығарма жазуға баулу қажет. Баяндамашының айтуынша, тіл тұғырын көтеруде ғылым мен білімнің, жарнаманың тілі қазақша сөйлеуі маңызды.

Жиынға қатысушылар аймақта іс қағаздарын жүргізу 100 пайыз болғанымен, екеуара әңгіменің әлі де болса ресми тілде көбірек жүретінін баса айтты. Облыстық тіл басқармасының бөлім басшысы Мәншүк Мұханбетқалиеваның айтуынша, 2013 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, «Қазтест» жүйесі бойынша сынақ өткізіліп келеді.

Күні бүгінге дейін алты мыңнан астам адамды қамтыған. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, дәрігерлер, мұғалімдер, халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері бар. «Ұстаздар тарапынан «мен биология пәнінің мұғалімімін, маған қазақ тілі не үшін керек?» деген де әңгімелер айтылды. Кейде оқытушыларды өзіміз де түсінбей жатамыз. Қазақ тілінен тест тапсыратын болса, реніштер болып жатады, ал, ағылшын тілінен сынақ өтетін болса, күні-түні дайындалар еді» — дейді Мәншүк Тастемірқызы.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары, ұстаздар қауымы мейрамхана, дәмхана, дүкендердің маңдайшалары мен ішіндегі  хабарламалардың өзге тілде жазылатынын айтып, «бұған қалай тосқауыл қоюға болады?» деген сұрақ қойды. Жауапты басқарма өкілі «ҚР Кәсіпкерлік туралы» заң талабына сай, жеке меншік нысан иелеріне заңнамаларды түсіндіру мен қызметтік хат жазудан басқа ешқандай шара қолдана алмайтынын айтады.

Аталмыш институттың әкімшілік-ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі басқарма басшысы Айтбай Қарамурзиннің пайымдауынша, бізге патриоттық сезім жетіспейді. Оның себебін көркем шығарма оқитын баланың жоқтығымен, кітапханаға келетін адамның аздығымен байланыстырады. «Ақпараттарды газет-журналдан емес, интернет ресурстарынан оқып алады. Ғаламтордың тілі — мешеу тіл. Мен кәсіпкер болсам, жекеменшік нысанымды түгелдей қазақыландырар едім. Өйткені, мен Отанымды, елімді, жерімді, тілімді құрметтеймін. Бізге осы сезім жетіспей жатыр» — дейді ол.

Жиын барысында шараның өзге де қатысушылары ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

Рита

Өтеуғали

Related Articles

3 Comments

  1. жастардың көбісі патриоттар! қазіргі таңда қазақ тілінде қазақ балалары ғана емес, басқа да ұлт өкілдері сөйле бастады.

  2. Қазақ тіліне қатер төніп тұр деген қате пікір. Қазақтардың саны ең көп аумақтарды орысша сөйлестіріп көріңіз, не істесеңіз де сөйлемейді.

  3. Казак тылы елдын басты, туган тылы болып калады. Баска тылдерды менгеру тек алеммен карым катынасты жаксарту максатында, курал ретынде байдаланатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button