Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Пара алған көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты үкім шықты

Атырауда пара алған көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты үкім шықты. Қылмыстық іс қалалық №2 сотта қаралған.

1

Облыстық соттың баспасөз қызметінің айтуынша, сотталушы Ш.И. 2017 жылдың мамыр айы мен қыркүйек айының аралығында вагон-мейрамхана директорлары және жолаушылар пойыздарының бригадирлерінен оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін ақша алып отырған. Осылайша, ол делдал арқылы 339 мың теңге алған.

Сот үкімімен Ш.И. Қылмыстық Кодекстің 366-інші бабы, 3-інші бөлігі, 1-інші тармағымен кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызмет саласындағы лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сондай-ақ, параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 23 млн. 730 мың теңге көлемінде айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айқара Ғұмар

Фото 24.kz сайтынан алынған

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button