Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Пандемиямен күреске алғашқылардың бірі болып жұмылдырылған атыраулық полицей сұхбат берді (+ ВИДЕО)

Аtr.kz/16 мамыр, 2020 жыл. Бүгінгі кейіпкер Атырау қаласы полиция басқармасы, Патрульдік полиция бөлімінің взвод командирі, полиция аға лейтенанты Болатбек АЗИМОВ.

Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан видео роликте полицей карантин жағдайындағы қызметі туралы әңгімелейді.


Екі баланың әкесі елімізде пандемия дерегі тіркелгелі бері алдыңғы шепте еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерінің бірі.
«Карантин, жаппай шектеулер еліміздің тәуелсіздік тарихында бірінші рет орын алып тұрған жағдай. Шыны керек, бос көшелерді, әсіресе, халық жоқ түнгі қаланы көрген кезде адам бір түрлі сезімде болады.


Қазіргі карантин жағдайындағы біздің міндетіміз қоғамдық тәртіпті сақтап, жол қозғалысы ережесін қамтамасыз ету. Блок посттарда да әріптестерім уақытпен санаспай еңбек етуде.


Өзім екі баланың әкесімін. Ұлым мен қызым бар. Бұл жағдай орын алмағаннан бұрын балаларыммен емін-еркін серуендеп, ойнататынмын. Бірақ, қазіргі күшейтілген режимге байланысты уақытымыздың негізгі бөлігін жұмыста өткізіп жатырмыз.
Біз қазақстандық полиция — еліміздің қалыпты өмірге оралуы үшін, балалардың болашағы үшін тер төге береміз. Біз біргеміз» дейді полиция аға лейтенанты Болатбек АЗИМОВ.


Қазақстанда пандемия басталғалы бері Атырауда 1100-ден астам полиция қызметкері қоғамдық тəртіпті сақтау жолында уақытпен санаспай еңбек етіп жатыр…


Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button